RU

«Бейнеу-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолын қайта құру 2017 жылы аяқталады

«Бейнеу-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолын қайта құру жұмыстары 2017 жылдың ортасына қарай аяқталады, деп хабарлады Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары Тұрбек Спанов.

Спановтың айтуынша, елбасының тапсырмасы бойынша ұзындығы 470 шақырым «Бейнеу-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолын күрделі жөндеу жұмыстары басталған, оның ішінде 300 шақырымда «Бейнеу-Шетпе» учаскесінде 240 км қозғалыс ашық екен.

Тек осы жетістік қана жергілікті тұрғындарға алыс жолға автомобильмен шығуына мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар сарапшылар бүгіннің өзінде коммерциялық тасымалдың артқанын байқап отырғанын жеткізді.

Аймақ әкімдігінің мәліметі бойынша жоспарланған жұмыс 2017 жылдың ортасына қарай аяқталады. Құрылыстың жалпы құны 83 млрд теңгені құраған.

«Алда облыстың автожол торабын одан ары дамыту бойынша үлкен жоспарлар бар. Ал бюджет пен басшылықтың оларды қолдауы бойынша еш мәселе туындап отырған жоқ», - деп түйді сөзін Спанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/848106-beyneu-shetpe-zhetibay-aqtau-avtozhol.html