RU

Алматыда эконом-класс санатына жататын тұрғын үйлер қымбаттады

2015 жылдың 3-9 тамыз аралығындағы мәлімет бойынша эконом-класс санатындағы тұрғын үйлерде баға орта есеппен 4,5 пайызға өскен, деп хабарлайды Kn.kz порталына сілтеме жасап Алматы арнасы.

Алып шаһарда ең қымбат екінші деңгейлі тұрғын үйлер санатында элит-класс баспаналары тұр, оның бір шаршы метрі 2727 долларға (507,2 мың теңге) бағаланған.

Жалпы қала бойынша жекелеген аумақтарда тұрғын үйлердің  бағасы орта есеппен 1809 долларды құрайды.

Сондай-ақ қала бойынша жекелеген алаңдардағы қымбат тұрғын үйлердің бағасы орта есеппен 2346 долларға (436,4 мың теңге), ал арзан үйлер құны 1382 долларға (257,1) тұрақтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/848243-almatyda-ekonom-klass-sanatyna-zhatat.html