Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қартаймайтын әйел: Уақытты алдай алған Кэнди Ло (фото)

Опубликовано:

Сіз қытайлық әртіс, модель әрі үш баланың анасы Кэнди Лоның жасын білгенде таңданыстан жағаңызды ұстайсыз.

Кэнди өзінің Timeless (Уақыттан тыс) атты фотокітабымен танымалдылыққа ие болды. Ол мінсіз келбетімен талайдың таңдайын қақтырған. Оны қартаймайтын әйел деп атап кеткен. Бір ғана Гонконгтің өзінде Кэндидің кітабының 3 мың данасы бірден сатылып кетті. Кэнди уақыттың өзін алдай алды. Сенбесеңіз фотоларын қарап шығыңыз.

1. Бұл Кэнди Ло. Оның жасы нешеде деп ойлайсыз?

2. Түріне қарап жасы ең көбі 25-те деуге болады. Ал шын мәнісінде ол өзінің 50 жылдығын тойлатып үлгерген. Жасы келген әйел десе, көбісі сене алмайды.

3. Кэнди Ло 1991 жылы, яғни 24 жыл бұрын Miss Asia Pageant сұлулық байқауында жеңіске жеткен.

4. Өзінің мансабын Кэнди отбасы үшін тоқтатқан. Ол үш ұлдың анасы атанды.

5. Кэнди өзінің Timeless фотокітабын жариялағаннан кейін әлемдік танымалдылыққа ие болды.

6. "Фотокітаптан келген табыстың жартысы отбасындағы зорлықтың құрбанына айналған әйелдер мен балаларға қайырымдылық жасауға жұмсалады", - деп мәлімдеді Кэнди Гонконгта өткен баспасөз конференциясында.

7. Өткен жылы Кэнди Ло күйеуімен ажырасып, бүгінде балаларын жалғыз өзі тәрбиелеуде.

8. Бірде бір әжім жоқ мінсіз келбетін көргендер оның 50-ден асқанына сене алмайды.

9. Кэнди Ло уақытқа қарсы шықты.

10. Кэндиді көпшілік қартаймайтын әйел атап кеткен.

11. Кэнди өз фотокітабының фотосессиясына шабадан толы киіммен келгенін жасырмады.

12. "Мен өзіммен бірге 80 жұп аяқ-киім мен 15 түрлі киім ала келдім", - дейді модель.

13. "Менің үлкен ұлым түсірілімде бірге болып, шабаданды тасуға көмектесті", - дейді Кэнди.

14. Кэнди Ло өз ұлдарымен бірге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/848605-qartaymaytyn-ayel-uaqytty-alday-algha/

pixel