RU

Елизавета II ханзада Гарридің телехикаяға түсуіне тыйым салды

Елизавета II немересі ханзада Гарридің телехикаяға түсуіне үзілді-кесілді қарсы болды деп хабарлайды 24.kz.

HBO телекомпаниясы британиялық ханзада Гарриге қызық ұсыныс жасады. Продюсерлер жас монархты «Игра престолов» атақты телехикаясының эпизодына түсуге шақырыпты.

Олар тіпті осы үшін түсірілім кестесін Гарриге ыңғайлы етіп, реттеуге де келіскен. Бірақ мұны естіген ханшайым Елизавета II үзілді-кесілді қарсы болып, немересінің киноға түсуіне тыйым салыпты.

Сөйтіп, түсірілімге қатысуға келіскен Гарридің көңілі су сепкендей басылған екен. Ханшайымның мұндай шешім қабылдауына не себеп болғаны белгісіз.

Себебі ол осыған дейін «Игра престолов» телехикаясына көрермен ретінде үнемі қызығушылық танытып келген, деп жазады informing.ru.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/848645-elizaveta-ii-khanzada-garridinh-telekhika.html