RU

Қытайдағы "Өлі теңізде" шомылу түгілі ине шаншар орын жоқ (фото)

Қытайда да "Өлі теңіз" бар. Жасанды теңіздің аумағы 30 000 шаршы метр және ол бір күнде 10000 адамды қабылдай алады. Алайда шомылуға келетіндер саны кей-кездері 11 мыңнан асып жатады.

Жасанды "Өлі теңіз" Суининг қаласында орналасқан деп жазады fullpicture.ru.

1. Суининг - Қытайдың батысындаға қала. (Фото: East News).

2. Онда Өлі теңіздің ұқсатылған нұсқасы салынған. (Фото: East News).

3. Бұл жерді таңдаудың өзі бекерден емес. Себебі ондағы судың тұздылық деңгейі мен минералдардың болуы Израиль мен Иордания шекарасында орналасқан Өлі теңізге ұқсас деп саналады. (Фото: East News).

4. Олардың, тіпті географиялық ендіктері де ұқсас: 31,30N. (Фото: East News).

5. Мұнда бассейнмен бірге жасанды толқын, СПА және гольф алаңы да салынған. (Фото: East News).

6. Күн 35 градусқа барған кезде "Өлі теңізге" келген демалушылардың легінен ине шаншар орын табылмай қалып жатады. (Фото: East News).

7. Тазалығы жағынан шынайы Өлі теңізге жете алмайтынына қарамастан, мұнда келушілердің саны азаяр емес. (Фото: East News).

8. 11 шілде күні түсірілген мына фотода бассейн ішінде 11 мың адам болған. (Фото: East News).

9. Олар өздерін қаншалықты жайлы сезінгенін кім білсін? Әйтеуір көңілдері көтеріңкі екені анық. (Фото: East News).

10. Ал мына фото әлеуметтік желілерде "Қытай мен Ресейдің шекарасы" деген әзіл атаумен тарап кеткен. Көпшілік арасында Қытай бассейндерінің 80-90%-ы келген демалушылардың несептерімен былғанған деген расталмаған ақпарат та бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/848797-qytaydaghy-oli-tenhizde-shomylu-tugili.html