RU

Атырау облысында Жайық өзенінің жасыл түске боялуы тұрғындарды шошытуда

Атырау облысында Жайық өзеніне көп көлемде жасыл бояу ағызылған. Бұл туралы бүгін, 11 тамызда аймақтағы табиғатты қорғау прокуратурасынан хабарлады.

Еске сала кетейік, 8 тамызда облыс орталығының тұрғындары су жүргізетін құбырдағы судан дусттың (зиянды жәндіктерді жоюға арналған улы ұнтақ) дәмі шығатынына шағымданған.

Алайда кеше, 10 тамызда «Атырау су арнасы» компаниясының өкілдері жағымсыз иіс Жайықтың жасыл түске боялуына байланысты су сапасының нашарлауы мүмкін деп мәлімдеді.

Жайық өзенінің жағалаулары қою жасыл-көк түске боялып, су бетінде майлы дақтардың пайда болуы жергілікті тұрғындарға қауіп төндіруде деп жазады Ақ жайық басылымы.

"Алдын ала бағалаулар бойынша, бұл бояу  емес, органикалық түзілген нәрсе. Қазіргі уақытта біз экология департаменті өкілдерімен біріге отырып, өзеннен сынама алып жатырмыз. Өзеннің төменгі жағынан сынамалар алдық, енді жоғары жақтан аламыз", - деп хабарлады Атырау облысының табиғат қорғау прокурорының көмекшісі Жақсылық Сакимов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/849087-atyrau-oblysynda-zhayyq-ozeni-zhasyl-tu.html