RU

Қазақстандық шенеуніктер "командасын" өзімен алып жүретін болды

Қазақстандағы басшыларды кадрлық тағайындау кезінде бірқатар кадрлық ауысымдар қарастырылған.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлықтың алдын алу департаментінің директоры Әли Көмекбаев хабарлады.

"Қазір дайындалған заң жобасының аясында келесі жылдан бастап басшы ауыстыру тәртібімен көмекші, кеңесші мен хатшыны конкурстан тыс өзі тағайындай алады", — деді Көмекбаев.

2012 жылдың желтоқсан айында "ҚР мемлекеттік қызмет істері жөнінде заң актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" Заңға қол қойылған болатын.

Сол заңда басшы жұмыс ауыстырған кезде өзімен бірге "командасын" да әкетуге тыйым салынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/849542-qazaqstandyq-sheneunikter-komandasy.html