RU

Қазақстан аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады

Қазақстанның көптеген бөліктерінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, тұрақсыз ауа райы сақталады.

Кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ болуы ықтимал, жел күшейеді. Тек республиканың оңтүстігі мен батысында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.

Павлодар, Қостанай, Шығыс-Қазақстан, күндіз Атырау, Оңтүстік- Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы ықтимал.

Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы ықтимал, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы ықтимал.

«Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл облыстарының басым бөліктерінде, Қарағанды, Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады»,- делінген хабарламада.

«Қазгидромет» мәліметі бойынша, сәрсенбі, 12 тамыз күні Астанада күн бұлтты болып, жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз ауа температурасы 19-21 градус, түнде 11-13 градус жылы болады.

Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы 30-32 градус ыстық, түнде 18-20 градус жылы болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/849764-qazaqstan-aymaqtarynda-turaqsyz-aua.html