RU

Маңғыстау облысында даяшы кафеге келген қонақ әйелді ұрып тастаған

Маңғыстау облысындағы кафелердің бірінде даяшы мен қонақ төбелесіп қалды.

Бұл туралы Tumba.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Жаңаөзен қаласындағы кафелердің біріне қонаққа барған 32 жастағы әйел мен даяшы сөзге келіп қалған.  Қонақ әйел даяшының өзіне спирттік ішімдікті артық мөлшерде бергенін айтып, ақшасын төлеуден бас тартады. Осыдан соң, ашуға мінген даяшы қонақ әйелді табақшамен ұрып тастаған.

Жарақат алған әйел дереу ауруханаға жеткізілді. Ал даяшының 1988 жылы туған Мұнайлы ауданының тұрғыны екені анықталған. Бүгінде аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/849800-manhghystau-oblysynda-dayashy-kafege-kel.html