RU

Қысқы Универсиада кезінде Алматыға Леди Гага келмейтін болды

Алматыдағы Халықаралық спорт жобалары дирекциясын Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы өткізуге дайындық туралы айтты.

"28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы өткізу кезінде Алматы ертегіге айналады. Қаланың әр бөлігінде суретшілер мен әртістер жиналатын сегіз нүкте ашылады. Әрине, Универсиаданың ашылуы да, жабылуы да, тамаша салтанатпен өтеді. Негізгі идея – көпұлтты Қазақстан. Бұл оқиға туралы жар салу үшін де көп істелді: лотерея басылды, "ауыр салмақты" демеушілер де тартылды, кәдесыйлар желісі 52 бірлікті құрады, бір жарым жылда танымалдылық 35 пайызға артты", – дейді дирекция жетекшісі Илья Уразаков.

Оқиғаның бюджетін үш аптадан кейін жариялайды деп күтілуде. Қазіргі кезде қазынадан 1,5 миллиард теңге бөлінген. Алайда ұйымдастырушылар 2011 жылғы Азиаданы өткізуге арналған қаржыдан азырақ жұмсайтынын айтады.

"Біз спорт нысандарының сапасына, қонақтарды қарсы алуға көңіл бөлудеміз, сол себепті әлемдік деңгейдегі әртістерді шақырмаймыз. Сондықтан, Леди Гага болмайды деп нақты айтамыз. Қазір  шетелдік танымал жұлдыздармен емес, өзіміздің ұлттық әуенімізбен танылатын уақыт", – дейді Уразаков.

Халықаралық оқиғаға дайындалу шеңберінде Алматыда Универсиада символы орнатылды. Жасыл түсті Сұңқардың сойы ойындарды бейнелейтін тоғызыншы нысан.

28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада Алматыда 2017 жылдың 28 қаңтарынан 8 ақпан аралығында өтеді. Бұл айтулы оқиғаға үш мыңнан астам спортшы мен мыңнан астам ресми тұлғалар келмек.

Сонымен бірге, 10 спортық нысан жұмыс істейді, соның ішінде 12 мың адам сиятын Мұз айдыны және 5 700 адамға есептелген Атлетикалық ауыл бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/850161-qysqy-universiada-kezinde-almatygha-l.html