RU

Ресейде Қазақстаннан әкелінген азық-түлікті аяусыз таптап жатыр (фото)

Ресейлік шенеуніктер Қазақстаннан әкелінген азық-түлікті ысырап етіп, ауыр техникамен таптап тастады.

Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Түмен облысында Қазақстаннан әкелінген 13 тонна болгар бұрышы бульдозермен тапталды. Өйткені, біздің елімізден жеткізілген көкөністер санкцияға ұшыраған азық-түліктер қатарында екен. Смоленск қаласында да көкөністерді ауыр техникамен таптау жалғасуда.

Ысырап болып, техникамен тапталған жеміс-жидек пен көкөністер қатарында 750 келі қарбыз, 20 тонна бұрыш, алма және 70 тоннаға жуық томат пен шырындар бар.

Санкт-Петербургте де азық-түлікті аяусыз далаға төгіп жатыр. Импортталған азық-түлікті лақтырып, төгіп, ысырап ету Ресейдің барлық аймағында көрініс тапқан.

Халықтың тамақты ысырап етпеу турасындағы ашу-ызасына ресейлік шенеуніктер бас ауыртар емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/850329-reseyde-qazaqstannan-akelingen-azyq.html