Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да аяғы ауыр келіншек тәуіптің кеңесі бойынша токсикоздан құтылу үшін бензин ішкен

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстан облысында халық емшілерінен зардап шеккен жас аналар саны көбейіп барады. Биыл 3 жүкті келіншек тәуіптің айтқанын істеймін деп, қайтыс болған.

Бұл туралы ТВК арнасы хабарлайды деп жазады NUR.KZ.

Былтыр емшілердің қарауына болып, ауыр халде жеткізілген 6 әйелдің бесеуі шаранасымен бірге көз жұмған. Ал биыл тәуіпке қаралып, өзі мен сәбиінің өмірін қатерге байлаған үш келіншектің екеуі қайтыс болды.

«Біз бензин ішкен ананы әрең дегенде аман алып қалдық. Тәуіп жүз грамның көлемінде бензин іш деген соң, жас ана сеніп іше салған. Сол келіншекті құтқарып, аман-есен алып қалу үшін облыстағы білікті дәрігердің бәрін жинадық. Келіншек бензин ішсе, токсикозды басады деген емшінің айтқанын бұлжытпай орындаған. Бұл дегенің өте қауіпті», - дейді ОҚО бас кординаторы Зияш Баянқызы.

Маманның айтуынша, жүктілік кезіндегі қауіпті кезеңдер басталғанда, тәуіпке барып немесе жақындарының айтуымен түрлі әрекет жасайтын аналар көп екен.

Мәселен, өзін жайсыз сезінген жүкті келіншекке енесі итаяқтан ас ішуге кеңес берген. Дереу иттің табағынан тамақ ішкен соң, келіншек қайтыс болған.

Мұндай жағдайда көбіне жас аналар ұрынады екен. Сол себепті, облыстың бас маманы болашақ аналарға жатырында ұрық пайда болғаннан бастап, нәрестені босанғанға дейін дәрігердің бақылауында болуға кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/850537-oqo-da-tauiptinh-emine-zhugingen-eki-zhuk/

pixel