RU

ОҚО-да аяғы ауыр келіншек тәуіптің кеңесі бойынша токсикоздан құтылу үшін бензин ішкен

Оңтүстік Қазақстан облысында халық емшілерінен зардап шеккен жас аналар саны көбейіп барады. Биыл 3 жүкті келіншек тәуіптің айтқанын істеймін деп, қайтыс болған.

Бұл туралы ТВК арнасы хабарлайды деп жазады NUR.KZ.

Былтыр емшілердің қарауына болып, ауыр халде жеткізілген 6 әйелдің бесеуі шаранасымен бірге көз жұмған. Ал биыл тәуіпке қаралып, өзі мен сәбиінің өмірін қатерге байлаған үш келіншектің екеуі қайтыс болды.

«Біз бензин ішкен ананы әрең дегенде аман алып қалдық. Тәуіп жүз грамның көлемінде бензин іш деген соң, жас ана сеніп іше салған. Келіншек бензин ішсе, токсикозды басады деген емшінің айтқанын бұлжытпай орындаған. Бұл дегенің өте қауіпті», – дейді ОҚО бас кординаторы Зияш Баянқызы.

ОҚО-да жүкті келіншектерді емдейтін кең таралған басқа тәсілдер туралы оқыңыздар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/850580-oqo-da-tauiptinh-emine-zhugingen-eki-zhuk-2.html