RU

Қазақстанда Еуро-5 стандартты бензин зауыты желтоқсан айында іске қосылмақ

Еуро-5 стандартты бензин зауыты 2015 жылдың желтоқсанында іске қосылмақ. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының Бұрлы ауданында орналасқан "Конденсат" АҚ өндірістік нысанында өткен баспасөз-туры барысында айтылды.

Қазіргі сәтте «Конденсат» АҚ құрылыс алаңында жоғары октанды бензин өндіру бойынша негізгі технологиялық жабдықты құрастыру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл қондырғының жылына 200 мың тоннадан астам К5 экологиялық санатты бензин шығаратын қабілеті бар.

Негізгі құрылыс алаңында 100-ден астам қазақстандық құрастыру мамандары қызмет атқарып жатқанына ерекше назар аударған жөн. 2015 жылдың қыркүйек айында шеф-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру контракты шеңберінде шетелдік мамандардың келуі жоспарлануда.

Салмағы 1 700 000 кг болатын компанияның негізгі жабдығы Хьюстон портынан Новороссийск портына дейін теңіз көлігімен бірнеше топтамамен жөнелтілді, содан кейін автокөлікпен кәсіпорынның құрылыс алаңына жеткізілді.

«Конденсат» АҚ-ның хабарлауы бойынша, салынып жатқан нысанның шеңберінде ресурс және қуат үнемдеу бойынша озық технологияларды қолдану Кеден одағы регламентінің талаптарына жауап беретін құрамындағы зиянды заттарының мөлшері төмен болғандықтан, қоршаған ортаға әсерін төмендететін жоғары сапалы отын өндіру мүмкіндігін береді.

Биылғы жылдың маусым айында ҚДБ Еуро-5 стандарттарына сәйкес келетін АИ-92, АИ-95 маркалы бензинін өндіруге арналған өндірістік нысандардың құрылысы жобасын қаржыландыруға қатысты.

Жобаның жалпы құны шамамен $200 млн-ды құрайды, қажетті қаржыландырудың 60%-ы Даму банкімен 6 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Жобаны іске қосу 2015 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.

Ақсай қаласындағы (БҚО) «Конденсат» АҚ-ның қазіргі мұнай өңдеу кешенінде мотор жанармайын өндірудің жобалық қуаттылығы: АИ-92 бензині – жылына 114 000 тоннаны, АИ-95 – жылына 86 000 тоннаны құрайтын болады.

Сонымен қатар кәсіпорын жылына 198 000 тоннаға дейін тікелей айдалған газойль фракциясын, 104 000 тонна вакуумды газойльды, 75 000 тонна гудрон шығаруды жөнге салуды жоспарлайды. Қазіргі сәтте бензин өндіруге арналған негізгі технологиялық қондырғыларды құрастыру жүзеге асырылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/851358-qazaqstanda-euro-5-standartty-benzin-z.html