RU

Семейде пара берген әскери қызметкерге 10 млн теңге айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысында 32388 әскери бөлімінің аға сержанты дизельдік отынның 600 литрін сатып жіберген. Қылмысы әшкереленген әскери қызметкер 340 мың теңге пара беріп құтылмақшы болды, алайда әрекеті іске аспай, оған 10 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

«Семей гарнизонының әскери соты 32388 әскери бөлімінің аға сержанты А-ға қатысты Қылмыстық кодекстің 189 бабының 1 бөлімі және 367 бабының 2 бөліміне сәйкес қылмыстық істі қарады. Аға сержант А. әскери бөлімнің оның басқаруындағы «КамАЗ» көлігі үшін арнайы бөлген дизельдік отынды үнемдеу, спидометрді бұрып тастау және жол-сапар парақшасында километражды көбейту жолымен меншіктеніп алған. Әскери-тергеу қызметкерлері А-ны азамат Д.Жапаровқа жалпы сомасы 102 000 теңге болған 600 литр дизельдік отынды сату үстінде ұстады», - деп хабарлады Семей гарнизоны сотының баспасөз қызметінен.

Қылмыстық жауапкершіліктен босатылу үшін А. әскери-тергеу комитетінің қызметкеріне 340 мың теңге көлемінде пара беріп, сол арқылы Қылмыстық кодекстің 367 бабының 2 бөлімімен қарастырылған қылмысты жасады.

Сот А-ны кінәлі деп танып, оған параның отыз есе үлкен сомасы, яғни 10 200 000 теңге көлеміндегі айыппұл төлеу жазасына кесті.

Қылмыстық іс тараптардың бітімгершілікке келуі себебімен тоқталды, деп атап өтті баспасөз қызметінен. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/851451-semeyde-para-bergen-askeri-qyzmetker.html