RU

470 келілік әйел арықтау жолында өз денесінің 80%-нан құтылды (фото)

Майра Розалес (Mayra Rosales) патологиялық семіру сырқатына шалдыққан. Ол жүру түгілі денесін көтере алмайтын. Семіздіктен дәрменсіз күйге түскен Майра сырқатын еңсеру жолында денесінің 80%-нан құтыла алды.

Жуыну, жүріп-тұру секілді тіршіліктердің өзін атқара алмайтындай семіздікке шалдыққан бойжеткеннің қалайша өзгергенін bigpicture.ru сайты назарға салды.

1. Майра Розалестің салмағы 470 келі болатын.

2. Майлардың қатпарынан Майраның аяқтары адам шошырлық күйге жеткен.

3. Майра күнделікті тіршіліктің өзін орындауға қауқарсыз жағдайда еді.

Қалай да арықтау шешіміне Майраның басынан өткен жантүршігерлік жағдай себеп болған. Майраның немере інісі ауыр бас жарақатымен емханаға түсіп көз жұмған. Майра баланың өлімі өзінің оның үстіне абайсызда құлап кетуінен болды деп полицейлерді сендіруге тырысқан.

Алайда орнынан тұра алмай жатқан бойжеткен өлімге себеп бола алмайтынын ұққан тәртіп сақшылары оған кінәлі деп танылған баланың анасын, яғни Майраның әпкесін қамауға алады.

Әпкесінің балаларына ендігі бас-көз болатын ешкім жоқтығын түсінген Майра арықтауға бар күшін салады.

4. Майра қатпар майдың арасында көрінбейтіндей күйге түскен болатын.

Майра Розалес ең алдымен ауыр отадан өтуі тиіс еді. Арықтау түгілі қозғалуға мұрша бермейтін майларынан ол тек ота арқылы құтыла алады.

5. Майраны емханаға жеткізу үшін бір топ адам қажет болды.

Майра бірнеше ауыр оталардан өтіп, денесінің жартысын алып тастаудың ауыртпашылықтарына төтеп берді. Бүгінде 80%-ға арықтаған бойжеткен танымастай өзгерген.

6. Майра Розалес ота жасауға бел буды.

7. Ота сәтті өткенімен, оның жағдайы бірқалыпты күйге түсуі үшін бірталай уақыт керек болды.

Патологиялық семіруге шалдыққандар отадан кейін қайта семіре бастауы ғажап емес. Сол үшін Майра барынша өзін қолға алуы тиіс еді.

Немере інілері үшін Майра отадан кейін аза түсуге бар күшін жұмсайды.

8. Майра отадан кейін тұрақты физикалық жаттығулар жасап жүрді.

9. Шыдамдылығының арқасында дені сау адамдар қатарына қосылды.

10. Бұл үлкен жетістік деуге болады.

11. Мына фотода алғашында 470 келі болған Майра екеніне сену қиын.

Бүгінде Майраның салмағы - 91 келі. Ол бірнеше телевизиялық шоуларда өз жетістігінің сырымен бөлісті. Майра бұрынғы қалпына қайтып түспейтініне сенімді.

12. Майра Розалес теледидарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/852274-470-kelilik-ayel-aryqtau-zholynda-oz-dene.html