RU

Алматыда дарынды балаларға арналған мектеп-интернат өртенді

Алматыда Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған қазақ мамандандырылған  музыкалық мектеп-интернат өртенді.

Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.

Департаменттің  мәліметінше, өрт ғимараттың екінші қабатындағы шеберханадан шыққан.  Өрт туралы дабыл өрт қызметіне 10.50-де келіп түсті.

Ауданы 12 шаршы  метр болған өрт  11.16-да ауыздықталып,  11.23-те жойылды.

Зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/852551-almatyda-daryndy-balalargha-arnalghan.html