RU

8 жасар қазақстандық теннисші АҚШ-та жеңімпаз атанды

Қазақстан тенисшісі 8-жасар Жақас Қозбақ американың Флорида штатында өткен халықаралық теннис турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Today.kz.

Қазақстаннан барған жас спортшы финалда аргентиналықпен кездесіп, 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

Сол себепті, Қызылорда облысы Арал қаласының тұрғыны Жақас Қозбақ 23-29 тамызда он жасқа дейінгі балалар арасында Нью-Йоркте өтетін әлемдік теннистен жарыста Қазақстанның намысын қорғамақ.

Айта кетерлік жайт, Жақас тенниспен 5 жасынан бастап шұғылданады. Бірнеше рет Қазақстандағы чемпионаттардың жеңімпазы.

Қазіргі кезде спортшы АҚШ та жаттығу жасайды және де алдағы бағындырар шыңдарына дайындалуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/852657-8-zhasar-qazaqstandyq-tennisshi-aqsh-ta-zhe.html