RU

Баян Есентаева отбасылық демалысының шырқын бұзғандарды сынға алды

Еліміздің шоу-бизнес әлеміндегі танымал  қыз-келіншектердің көшін бастап тұрған Баян Есентаева өзінің facebook.com әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына «8 көл» демалыс кешенінің қызметкерлері оның отбасылық демалысының сәнін кетіргенін жазды.

Белгілі продюсердің жазған постын әлеуметтік желі қоданушылары қызу талқылауда деп жазады Алаш айнасы.

Баян ханымның шулы постына 1200-ден астам «ұнайды» деген белгі басылып, 200 қолданушы пікір білдірген, біршама адам осы постты бөліскен. 

«Бүгін демалысқа уақыт тауып, балаларымызбен «8 көл» демалыс кешеніне бардық. 60000 теңгеге бір шатырды жалға алып, төрт орындықты үстелге жайғастық. Көңіл күйіміз өте жақсы болатын. Даяшыдан тағы екі орындық қосуын өтіндік. Алайда даяшы бізге екі орындық берілмейтінін, оған рұқсат жоқ екенін, бір шатыр 4 үлкен адамға, екі балаға арналғанын айтты. Көтеріңкі көңіл күйіміздің ізі де қалмады», - дейді Есентаева. 

Даяшыдан дұрыс жауап ала алмаған Баян Есентаева демалыс кешенінің әкімшісіне жолыққанда, ол да қосымша  екі орындық тек екінші шатырды жалға алғанда ғана берілетінін айтыпты. 

«Осындай болмашы оқиғаның өзі біздің елімізде тұтынушыға барынша жағдай жасалған мәдениетті демалыстың ауылы алыстау екенін аңғартады. Ал ондай болса амал бар ма, 11 жастағы емшектегі баламды алдыма алып отырғаннан басқа амал жоқ», - деп кекесінмен жазыпты Баян ханым.

Әлеуметтік желі қолданушылары Баян Есентаеваның пікіріне толық қосылатынын, бізге әлі Түркиядағыдай сапалы қызмет көрсету арман екенін, барлық салада қызмет көрсету деңгейінің төмен екендігін жарыса жазуда.

Сондықтан да болар біздің елдің азматтары қалтасындағы ақшаларын шетелде тиімді жаратуға тырысады, төлеген ақшаларына сай қызмет сапасына риза болу үшін өз елін емес, өзгенің демалыс орындарына ағылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/852677-bayan-esentaeva-otbasylyq-demalysyny.html