RU

Павлодар түрмесінде сотталушылардың үйлену тойы өтті

Бүгін Павлодар қаласындағы АП-162/1 тергеу изоляторында адамды жарақаттағаны үшін айыпталған Игорь Сычев пен азаматша Алена Носованың неке қию рәсімі өтті.

Бұл туралы  pavlodarnews.kz хабарлайды.

АП-162/1 түзету мекемесі бастығының орынбасары Бауыржан Ауғанбаевтың айтуынша, түзеу мекемесі аумағында неке қию рәсімдері - жиі орын алатын құбылыс.

Мәселен, жыл басынан бері 5 тұтқындалған азамат шаңырақ көтерген. Ал өткен жылы 6 неке қию рәсімі ұйымдастырылған.

"Тергеудегі тұтқындалған Сычев мекеменің әкімшілігіне некесін тіркеу жөнінде өтініш білдірді. Ол болашақ жарымен 10 жыл бойы кездесіп, сөз байласқан. Бүгін екі жас армандарына қол жеткізді. Әр адам бақытты болуға лайық", - дейді Бауыржан  Ауғанбаев.

Тергеу кезінде абақтыда жатқан Игорь Сычев – 33 жаста, ал жұбайы 25 жаста. Неке қию рәсімін Павлодар қалалық азаматтық хал акітілерін тіркеу қызметінің мамандары салтанатты түрде өткізді.

Жас жұбайлар неке жүзіктерін киіп, некеге отыру жөніндегі куәлікке ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/852731-pavlodar-turmesinde-sottalushylardynh.html