RU

Семейде көлік өртеніп, ер адамды 80 пайыз күйік шалды

Семейде көлік өртеніп, ер адамның денесінің 80 пайыз күйік шалды.

Өртенген көліктің иесі мен жолаушы әйел ауруханаға жеткізілді, ер адамның денесінің көп бөлігін күйік шалды, деп хабарлайды ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

12 тамыз күні сағат 11:51-де Семей қаласындағы № 2 отряд диспетчеріне жолаушылардан Семейдегі Полковничий аралындағы өрт туралы хабарлама келіп түскен.

Тексеріс жүргізу барысында уақытша тұраққа қойылған Лада Ларгус маркалы көлігінің толық өртеніп кеткені анықталды.

Бүгінде зардап шегушілердің жағдайы ауыр деп бағалануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/853483-semeyde-kolik-ortenip-er-adamdy-80-payy.html