RU

Теміртауда үй төбесі құлап, 16 отбасы баспанасыз қалды

Қарағанды облысындағы Теміртау қаласында ескі қосқабатты үйдің шатыры құлаған. Қазір оқиға орнында төтенше жағдай мамандары жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Тұрғындардың айтуынша, тамыздың 11-і күні кешкісін үйдің төбесі опырылып түскен. Тұрғындар төтенше жағдай қызметіне ол туралы келесі күні хабарлаған.

Оқиға болған жерді зерттеген комиссияның қортындысында «салынғанына 69 жыл болған ескі үйдің шатырындағы тіреу ағаштардың ылғалдан шіріп кеткені себепті төбе опырылып кеткені» айтылған.

Апат салдарынан көппәтерлік үйде тұратын 16 отбасы баспанасыз қалған. Олардың жартысы Теміртау техникалық коллежінің жатақханасына орналастырылған, қалғаны туысқандарының үйін паналған.

Қалалық ішкі істер басқармасы шатыры құлаған үй маңына күзет қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/853986-temirtauda-uy-tobesi-qulap-16-otbasy-ba.html