RU

Толассыз жауын салдарынан Үлкен Алматы өзені арнасынан тасыды (фото)

Кеше кешке Алматыда толассыз жауын салдарынан Үлкен Алматы өзені арнасынан тасыды, деп хабарлайды Bnews.kz.

Өзенге жақын жатқан аумақтарды су шаюы мүмкін деген қауіп бар. Қазіргі кезде Әл-Фараби және Торайғыров көшелері маңындағы өзен суы арнасынан тасып жатыр. «Шахристан» тұрғын үй кешенінің жанындағы адамдар өтетін көпір су астында қалды.

Жергілікті ТЖД қызметкерлері дауыл тұрады деп ескертіп отыр. Сонымен қатар мамандардың айтуынша, жаңбырдың көп жаууы салдарынан Алматы облысының тауларында сел жүру қаупі бар.

Ал Есентай және Кіші Алматы өзендерінде су өз деңгейінде тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/854264-tolassyz-zhauyn-saldarynan-ulken-alma.html