RU

Канадалық астронавт ғарышта жазған ерекше ән альбомын жарыққа шығармақ

Канадалық астронавт Крис Хэдфилд халықаралық ғарыш стансасының бортында жазған өзінің алғашқы Space Sessions: Songs From a Tin Can («Ғарыштағы сеанстар: қалайы ыдыстан шыққан әндер») атты альбомын жарыққа шығармақ, деп хабарлайды hi-news.ru.

Альбомда 11 трек бар, оларды Хэдфилд 2013 жылғы ғарышқа сапары барысында жазған.

«Бұл әндерді жұмыстан бос уақыт тауып жаздым. Ғарышқа сапарым мені шабыттандырды», - дейді Хэдфилд.

«Ғарыштағы сеанстар» альбомын Warner Music Canada баспасы биылғы 9 қазанда шығарады. Оған қазірден тапсырыс беруге болады.

Альбом авторының айтуынша, ауада қалқып жүретін гитарада ойнап, ән салу оңайға түспеген. Оның үстіне салмақсыздық жағдайында адамның тілі ісініп, салдарынан дауысы өзгеріп кетеді екен.

Хэдфилдтің айтуынша, ғарыш стансасында шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік беретін тыныш жер табу да үлкен қиындық екен, себебі онда маңайдың бәрі автобуста келе жатқандағы тәрізді шуға толы көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/854580-kanadalyq-astronavt-gharyshta-zhazghan-e.html