RU

Әлемдегі ең кәрі мысық 26 жасқа толды

АҚШ-тың Орегон штатындағы Вельвет (Corduroy) атауын алған мысық әлемдегі ең кәрі мысық деп танылды.

1 тамызда ол 26 жасқа толды, деп хабарланды Гиннесстің рекордтар кітабының сайтында.

Reuters атап өткендей, Вельвет ауылдық жерде тұрады және уақытының көбін далада өткізеді.

Оның иесі Эшли Рид Окура (Ashley Reed Okura) жануардың 1989 жылы туғанын айтады. Окура ол кезде жеті жаста болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/854590-alemdegi-enh-kari-mysyq-26-zhasqa-toldy.html