RU

Санчес: Головкинге Альвареспен жекпе-жектен гөрі Коттомен кездескен маңыздырақ

BA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық үшін Мигель Коттомен кездесуден гөрі Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізу маңыздырақ екенін айтты, деп хабарлады Sports.kz.

Санчестің айтуынша, Головкин үшін Канеломен жекпе-жек өткізу маңыздырақ екен. Себебі оның фанаттық базасы көбірек.

Сонымен бірге бапкер АҚШ-тың оңтүстік бөлігінде бұл жекпе-жек үлкен оқиға болатынына да сенімді.

"Егер Канело Коттоны жеңсе, онымен кездесу маңыздырақ болады. Егер Котто Канелоны жеңсе де, Канеломен жекпе-жек өткізу маңыздырақ болады, өйткені оның кездесулеріне адамдар көбірек барады", - деген Санчестің сөздерін Boxing Scene келтірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/855503-abel-sanches-alvarespen-zhekpe-zhekke.html