RU

Маңғыстау облысында ит 3 жасар баланың бас терісін жұлып алды

Маңғыстау облысында 3 жасар баланы ит аяусыз талап тастады. Мақұлық бүлдіршіннің бас терісін жұлып алған.

Бұл туралы "Ладаға" сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

"Бүгінде бөлімге ауыр жарақаттармен 3 жасар бала түсті. Ит оны талаған кезде бас терісін жұлып алған. Беті мен құлақ тұстарынан да терісі сыпырылып қалған. Баланың жағдайы бірқалыпты. Ол құтыру сырқатына қарсы антибиотиктер мен дәрілер қабылдап жатыр" - дейді облыстық балалар ауруханасының травматология мен ортопедия бөлімін меңгеруші Құрман Қайранов.

Дәрігер-травматологтың айтуынша, иттердің балаларды талау жағдайы мамыр-шілде айларында жиі болған. Бұл уақытта емханаға итке таланған 290 бала түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/855543-manhghystau-oblysynda-3-zhasar-balanynh.html