RU

«Эйр Астана» EXPO-2017 көрмесінің ресми әуе тасымалдаушы болды

 Бүгін, 17 тамызда «Эйр Астана» 2017 жылы Астанада өтетін халықаралық мамандандырылған EXPO көрмесінің ресми әуе тасымалдаушысы ретінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Эйр Астана» компаниясының әуе борттары ірі Ұлттық жобамызды бүкіл әлемге танытады деп сенеміз. Біз EXPO-2017 логотипін «Эйр Астананың» ұшақтарына іліп, көрмені насихаттаудың басқа да жолдарын қарастырамыз. Сонымен қатар, әуе компанияның қызметіне сүйеніп, Астанаға транзиттік жолмен келген жолаушыларға 2017 жылғы көрмені тегін тамашалау құқығы беріледі», - деді меморандумға қол қою барысында EXPO-2017 Ұлттық компаниясының төрағасы Ахметжан Есімов.

Ынтымақтастық туралы меморандум аясында, сондай-ақ, әуе компаниясының билеттерін Еxpo2017astana.com  интернет ресурсы арқылы сатылымға шығару және бірлескен PR-жобаларды қолға алу көзделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/855788-eyr-astana-expo-2017-kormesininh-resmi-aue-t.html