RU

Алдағы екі күнде елімізде 40 градустық ыстық қайта орнығады

Алдағы екі күнде Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 40 градустық ыстық қайта орнығады.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 40 градустық ыстық қайта орнығады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

«Алдағы екі тәулікте Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +30+37º, кей жерлерінде +40+43º градустық ыстық қайта оралады», - делінген дүйсенбі күнгі хабарда.

Бірақ аптаның ортасында циклон республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысына салқын атмосфералық ағым әкеліп, сонымен байланысты өткінші жауын жауады, күн күркірейді.

«Батыс облысына циклон ығысты, ол алдағы үш күнде шығысқа қарай ығысады да, онда жауын-шашындатып, ауа температурасын алдымен батысында және солтүстігінде төмендетіп, кейін республиканың орталығында да ауа температурасы төмендейді», - делінген синоптиктердің қысқа мерзімдік болжамында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/856122-aldaghy-eki-kunde-elimizde-40-gradustyq-y.html