Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жүргізуші 10 жасар қызды қағып өлтірді

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері 10 жасар қызды қағып өлтірген «Мерседес» жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды BNews.kz.

«Мерседес» жүргізушісінің үстінен Қылмыстық Кодекстің бірден екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды: 345-бап 3-тармақ «абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет, яғни жол қозғалысы ережесін бұзу» және 347-бап «жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу» , - деп мәлім етті ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасынан.

Белгілі болғандай, 14 тамыз күні сағат кешкі 20:30-да «Мерседес» көлігін тізгіндеген 1991 жылғы облыс орталығының тұрғыны Шымкент қаласында Аймауытов көшесінің бойымен келе жатып, 2005 жылы туған жүргіншіні қағып кетеді.

Апат орнынан бой тасаламақ болған жүргізушіні оқиға куәгерлері қолға түсірді. Көлік астына түскен қыз балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

Жол апатына себепкер жас жігіт қамауға алынды. Ішкі істер департаментінің анықтаушылары сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/857932-shymkentte-zhurgizushi-10-zhasar-qyzdy-qaghy/

pixel