RU

"Алма-ата - менің алғашқы махаббатым" ретро-фестивалі биыл өткізілмейтін болды

Жыл сайынғы "Алма-ата - менің алғашқы махаббатым" атты ретро-фестиваль биылғы жылы өткізілмейді. Ұйымдастырушылар оның концепциясын қайта қарап, келесі жылға әзірленуді жөн көрді.

Бұл туралы Today.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Музыкалық іс-шараны болдырмауға уақытша себептер мен бюджеттен қысылу әсерін тигізген деп мәлімдеді Алматы әкімдігі Мәдениет басқармасының басшысы Маркен Ахметов.

Шенеунік келесі жылы ретро-фестиваль міндетті түрде өткізілетінін алға тартты.

"Алма-ата - менің алғашқы махаббатым" фестивалінің концепциясы қайта қаралатын болады. Менің ойымша, келесі жылы бұл фестиваль міндетті түрде өткізіледі. Осы жылда кей себептерге, соның ішінде уақыт мәселесіне қарай өткізілмейтін болды. Сонымен қатар ұйымдастырушылар осы жылда фестивальді өткізбей, келесі жылға лайықты деңгейде дайындаламыз деп шешті", - дейді Ахметов.

Ахметовтің айтуынша, "кез-келген іс-шараны жүзеге асыру кезінде барлығы бюджетке келіп тіреледі". Ол Қала күнін атап өту аясында Алматыда  жыл сайынғы екі кинофестиваль біріктіріліп өтетінін мәлімдеді. Атап айтсақ, "Еуразия" және "Шәкен шоқжұлдызы" (Созвездие Шакена).

Айта кетерлігі, алғашқы ретро-фестиваль Алматыда 1999 жылы өткізілген болатын.  Әр жылдары фестивальдің хедлайнерлері ретінде Михаил Боярский, Филипп Киркоров, Николай Басков пен Bad Boys Blue тобы, Александр Зацепин, Любовь Казарновская, Эдита Пьеха және өзге жұлдыздар шақырылған.

Фестивальдің басты мақсаты - алматылық ұрпақтар арасындағы рухани байланысты сақтау, Алматыны елдің мәдени орталығы деңгейінен түсірмеу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/857985-alma-ata-meninh-alghashqy-makhabbatym.html