RU

Ғалымдар парақтары суды тазартатын кітап ойлап тапты

Америкалық ғалымдар парақтары зиянды бактериялар мен қоспадан суды тазартуға қабілетті сүзгіш рөлін атқаратын кітап басып шығарды.

Бұл заманауи технология үлгісінің атауы «ауызсу кітабының» парақтары  деп аударылады. Құрамындағы күмістің нанобөлшегі немесе мыс бактерияларды жояды. Екінші жағынан осы парақтарда суды не үшін, қалай тазартуға болатыны жайлы ақпарат жазылған.

«Кітаптың бір парағын жыртып алып, оны сүзгіш қондырғыға төсейді де, өзен, құдық, бұлақ болсын кез келген көзден алынған суды құяды.  Нәтижесінде су тазарып, бактериялар жойылады», - деп түсіндірді зерттеу авторларының бірі.

Ғалымдар бір парақпен 100 литр суды тазартуға болады деп санайды. Яғни, бір кітап шамамен төрт жылға жетеді.

Тазартылған суда бактериялар 99 пайыз жойылатыны дәлелденді. Көп жағдайда бактериялар суда мүлдем қалмайды, деп жазады «Газета.Ru».

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/858288-ghalymdar-paraqtary-sudy-tazartatyn-k.html