RU

Ақтаудың банктері мен айырбас нүктелері шетелдік валютаның сатылымын тоқтатты

19 тамызда таңғы уақыттан бері Ақтау банктерінде доллар да, евро да, рубль де сатылып жатқан жоқ.

Бұл туралы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Касса қызметкерлерінің сөзіне сенсек, валюта айырбасы банктердің басты кеңселерінен бұйрық келіп түспейінше тоқтатылған.

Кей банктерде, атап айтсақ, «Еуразиялық», «Казкоммерцбанк», Kaspi банкінде валюта бағамының таблосы алынып тасталған.

«Конвертация валюта бағамы нақтыланбайынша жүргізілмейтін болады», — дейді касса қызметкерлері.

Айырбас нүктелері де дәл сондай жағдайда отыр.

Еске салсақ, сәрсенбі күні Қазақстандық қор биржасының (KASE) саудасында орташа көтерілген теңге бағамы – 188,38/$1. Сауда сессиясы барысында теңге бағамы 188,35 теңгеден 195-ке дейін құбылған.

Осы тақырып бойынша оқыңыздар:

Қазақстанда доллар 198 теңге болып көтерілді

Сарапшы: Дәліздің ең жоғарғы шегі болып саналатын 198 теңге көтерілуі мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/859290-aqtaudynh-bankteri-men-ayyrbas-nuktel.html