RU

Сарапшы: Юаньнің құнсыздануы қысқа мерзім ішінде Қазақстанға әсер етпейді

Юаньнің құнсыздануы қысқа мерзім ішінде Қазақстанға əсер етпейді.

Бұл жөнінде президент жанындағы ОКҚ брифингінде Экономикалық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері Мадияр Кенжеболат мәлімдеді.

"Юаньнің құнсыздануы қысқа мерзімде Қазақстан экономикасына ешқандай да əсер ете қоймайды. Егер 2014 жылдан бергі жағдайды қарастыратын болсақ, теңгенің юаньға қатысты орташа бағамы 20 пайызға төмендеген. Юаньнің қазіргі 2-3 пайыз құлдырауы қысқа мерзімде елімізге ешқандай да əсер ете қоймайды", - деді сарапшы.

Егер юань СДР-дің валюталық қоржынына кіретін болса, ол Қазақстанның валюта қорының түрленіп, экономиканың өсуіне мүмкіндік жасар еді.

"Бүгінгі таңда Қытай Қазақстанның сауда əріптестігіндегі маңыздылығы жағынан екінші орында тұр. Сонымен қатар əлемдегі шикізатты тұтынушы негізгі ел болғандықтан, шикізат күйіндегі тауарлардың өсуіне себепші болады. Ол да Қазақстаннның экономикасына оң əсер етпек", - деді Мадияр Кенжеболат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/859517-sarapshy-yuanninh-qunsyzdanuy-qysqa.html