Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшы: Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі Қырғызстанмен бәсекелесе алмайды

Опубликовано:

Отандық нарықта қырғыз бен қытайдың тоқыма өнімдері мен аяқ киімдері сатылымға түсіп жатқанда, Қазақстан ешқашан жеңіл өнеркәсіп саласында олармен бәсекеге түсе алмайды.

Бұл туралы «Алматы» телеарнасы «Іскерлер уақыты» бағдарламасында «Kazspo-n» ЖШК директоры Елена Свечникова мәлімдеді.

«Біз ешқашан Қытай және Қырғызстан елдерімен бәсекеге түсе алмаймыз. Себебі біз солардан елімізге тасымалдаймыз. Бізде еңбек қызметіміз өзгерек», - деді Свечникова.

Сарапшы Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласында басқа елдермен салыстыруға келмейтіндігін алға тартты. Сондай-ақ олардық еңбек қызметі де, салық жүйесі де бізге қарағанда өзге екендігін түсіндірді.

«Қырғыз елі тоқыма өнімдерімен Қазақстан нарығына шығып жүргеніне көп болды. Ол еліміздегі базарлар мен сауда орындарын бір қарап шықсаңыз, айқын  көрініп тұрады. Біз тауардың бағасына қарайтын болсақ, айырмашылық өте көп. Себебі отандық тоқыма өнімдері олардың өнімдерінен әлдеқайда қымбат», - деді сарапшы.

Сонымен қатар сарапшының айтуынша, елімізде жеңіл өнеркәсіпке қолданатын шикізаттың өзі Қытай мен Қырғызстаннан келетін дайын тауардан қымбат көрінеді.

«Бізде шикізаттың өзі қымбат. Мәселен, өзіміз шикізаттан өнім жасап шығарсақ, ол біздің шығынымызды өтемейді», - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/860057-sarapshy-qazaqstannynh-zhenhil-onerkasi/

pixel