RU

Астанада велоспорттан әлем чемпионаты басталды

19-23 тамыз күндері Астанада жасөспірімдер арасында велоспорттан UCI әлем чемпионаты өтуде. Жарыста әлемнің 32 елінен 200 спортшы бақ сынайды.

Әлем біріншілігінде барлығы 19 медаль сарапқа салынады. Сайыскерлер велоспорттың келесі түрлері бойынша сынға түседі: 1000 метрлік гит, кейрин, спринт, командалық спринт, командалық жарыс, жеке жарыс, топтық жарыс, скретч жарысы, мэдисон және омниум.

Еске сала кетейік, 2011 жылы еліміз тректегі велоспорт бойынша әлем Кубогын сәтті өткізген болатын, ал, 2014 жылы тас жол мен тректегі велоспорт бойынша Азия Чемпионаты өтті.

Жарыстарды жоғары дәрежеде ұйымдастыру, спортшыларға ыңғайлы жағдай жасау мен басты делегаттардың жағымды пікірлерінің арқасында Халықаралық UCI велосипедшілер одағы 2015 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем Чемпионатын Астана қаласында өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.

Әлемдік велоспорттың жетекші органының бұл сенімі Қазақстанның велоспорт Федерациясының деңгейі жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/860098-astanada-velosporttan-alem-chempiona.html