RU

МС Сайлаубектің тойдағы биі ғаламторды жарды (видео)

Желіде танымал рэпер МС Сайлаубектің тойда билеп жүрген видеосы пайда болды.

Түсініксіз тілде ән шырқайтын Сайлаубек өзінің өнердегі әріптесі Серікбол Сайлаубектің "Ой жеңге" атты әніне армансыз билеген.

Еске сала кетейік, желіде дереу танымалдығы артқан МС Сайлаубек Атыраудан Алматыға келді. Өзінің шығармашылығын дамытпақ ниеті барын айтқан ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде рэп жазбақшы.

Бүгінге дейін МС Сайлаубек Қазақстан мен Қырғызстанның белді телеарналарына сұхбат беріп үлгерген. Одан бөлек, ресейлік рэпер Тимати да Сайлаубектің өнеріне қызығушылық танытқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/860402-ms-saylaubektinh-toydaghy-bii-ghalamtor.html