RU

Баян Есентаеваның шәкірттері продюсердің көшірмесі болып бара жатыр (фото)

Баян Есентаеваны үлгі тұтып, пір санайтындардың саны көп. Олардың басым бөлігі сұлулыққа жаны құмар қыз-келіншектер екені белгілі.

Бұл туралы Comode.kz сайты жазады.

Баянға еліктейтіндер тек қарапайым халық қана емес. Оның  қоластындағы қыздары да продюсердің образын қайталап,  көпті таңқалдырды.

Баянның шаш үлгісін қайталап, суреттерін жариялаған өнер иелері оқырман сынына ұшырады.

Мәселен, актриса, жүргізуші Гүлнәз Жоланова продюсерінің шаш қою стилін өзіне таңдаған секілді. Суретке бір үңіліп қарайтын болсаңыз, Баянмен ұқсастықты байқауға болады.

Бірнеше жыл бойы Баянның қасында жүрген, бұрынғы «Кеш you» тобының мүшесі Камшат Жолдыбаева да «болмасаңда ұқсап бақ» деген мақалды ұстанған сияқты.

Ол да Есентаеваның кекіл қою үлгісін қайталап, желідегі оқырмандар «продюсерінің көшірмесі» деп біраз пікір жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/860527-bayan-esentaevanynh-shakirtteri-prodyus.html