RU

Қазақстан теңге бағамын еркіне қоя берді

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов үкіметтің селекторлы отырысын өткізіп, Қазақстанның жаңа экономикалық саясатқа көшетінін айтты.

Қазақстан билігі мен Ұлттық банк жаңа экономикалық саясатқа көшеді.

Кәрім Мәсімов валюта дәлізі алып тасталып, теңге бағамы еркіне жіберілетінін айтты.

Бұл валюта айырбастау курсының нығайып та, әлсіреп те кететінін көрсетеді.

Үкімет басшысының айтуынша, Ұлттық банк нарықтағы теңге бағамының сұранысына араласпайды.

«Біз бұған ұзақ дайындалдық. Өзге елдердің тәжірибесін қарадық», - деп атап өткен Мәсімов Австралия мен Канаданың экономикасын бағдарда ұстау керектігін айтты.

Үкіметтің келесі отырысы сенбі, 22 тамыз күні өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/860529-qazaqstanda-valyuta-dalizin-alyp-tast.html