RU

Назарбаев: Қиындыққа қарамастан бәсекеге қабілетті деңгейге шығуға уақыт келді

Қиындыққа қарамастан бәсекеге қабілетті деңгейге шығуға уақыт келді. Бұл туралы бизнес қауымдастықпен кездесу барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты деп хабарлады Қазақпарат.

«Мен жүргізіп келе жатқан интеграциялық саясат өте дұрыс. Қазақстанда экономика көлемі бойынша да, халық саны бойынша да нарық жеткіліксіздігі сезіледі. Бізге өзге де нарықтар керек. Біз үшін Ресей мен Қытай үлкен нарық. Біз ЕАЭО құрамындамыз. Алайда нарықтық жағдайда біз Ресейге ештеңе айта алмаймыз. Олар да бізге ешнәрсе айта алмайды. Бизнес нарықтық жағдайға қарайды", - деді президент.

Назарбаев ең басты мүмкіндік ол - бәсекеге қабілеттілік екенін атап өтті.

"Біз ДСҰ-ның мүшесіміз 1 қаңтардан бастап. Ол жерде бәсеке мүлде қатаң. Ештеңеден қорықпай, бәсекеге қабілетті деңгейге шығу керек", - деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, елбасы 2015 жылы мұнай бағасының 1 тоннасы 6300-ден 5100-ге дейін арзандады. Мұнай мен металдың бағасы алдағы 5 жылда өзгермейтінін айтты деп хабарлайды BNews.kz.

«Біз барлық әлемдік экономика секілді қиын-қыстау заманды бастан кешіріп жатырмыз. Соңғы жылы әлемдік экономикадағы ахуалдың едәуір нашарлағаны байқалады. Дағдарыс барлық бағыттарда өршіп келеді, ол дамушы да, дамыған елдерге де әсерін тигізді. Бұл дауыл ешбір мемлекетті айналып өтпейді. Дүниежүзілік банк, халықаралық валюта қоры әлемдік экономика өсімі бойынша өз болжамдарын 3%-дан 2,8-2,5%-ға дейін қайта төмендетті. Мұнайдың әлемдік бағасының арзандауы жалғасады, ал мұнай біздің басты экспорттық әлеуетіміз», – дейді мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, өткен жылы 115 доллар болған мұнай биыл 48,5 долларға дейін арзандады, яғни, 2,4 есеге дейін құлдырады.

«2011 жылы арзандап бастаған металл бағасы әлі де жалғасып келеді. Металл бағасының индексі 45,5%-ға төмендеді. Тек осы жылы мұнай бағасының 1 тоннасы 6300-ден 5100-ге дейін төмендеді. Мұнай мен металдың бағасы алдағы 5 жылда өзгермеуі мүмкін», – дейді Назарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/861471-nazarbaev-qiyndyqqa-qaramastan-base.html