RU

Алматыда брендтік тауарлар сататын қаладағы ең қымбат сауда орталығының сөрелері босап қалды

Доллар түсе ме деп дәмеленіп сауда-саттықты мүлдем доғарған Алматыдағы мейрамханалар, дәріханалар мен дүкендердің көбі жабық тұр. Кәсіпкерлердің барлығы жаппай сөрелерден ескі бағаны сыпырып, тауарларын доллардың жаңа бағасымен санап қоюға асығуда деп хабарлайды 31 арна.

Екі күн қатар құбылып, халықты есеңгіреткен теңге бағамын кәсіпкерлер барынша пайдаланып қалуға ұмтылуда. Халыққа қажетті деген дәрі-дәрмектің өзі қымбаттауы мүмкін. Себебі қаладағы дәріханалардың бірқатары жабылған, тауар бағасын доллардың жаңа курсымен санап жатқан көрінеді.

Әдетте халық үйіліп отыратын мейрамханалар да жабулы. Медициналық орталықтарының есіктеріне құлып салынған, кезекте тұрған келушілер де көрінбейді.

Алайда қараша тоңып секірсе, қалталылар тойып секіруге көшкен. Тек брендтік тауарлар сататын қаладағы ең қымбат сауда орталығының сөрелері босап қалған. 16 миллион теңгелік тондар да, 600-700 мыңдық қол сөмкелер мен аяқ-киімдер көзсіз кетіп жатыр - дейді сауда орталығының сатылым жөніндегі мамандары.

Жақын күндері билік бағаны қатаң бақылауға алмаса, баға ырыққа көнбей кетуі әбден мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/862019-almatyda-kasipkerler-tauarlaryn-dol.html