RU

"АПОЭЛ" футболшысы «Астана Аренаның» қабырғасын сындырып кетті

"АПОЭЛ" шабуылшысы Томас Де Винсенти «Астана Арена» стадионында өткен ойында ғимараттың қабырғасын сындырып кетті, деп хабарлайды Bnews.kz.

Аргентина тумасы алғашқы таймда гол жіберіп алғандарына ызасы келіп, киім ауыстыратын бөлмеге кіріп бара жатқанда қабырғаны жұдырықпен қойып қалады. Қабырғадағы оюлап жасалған шам спортшының соққысынан шашылып қалған.

Айта кету керек, Томас Де Винсенти матчтан кейін берген сұхбатында ойынға разы болғанын жеткізді.

«Астананы жеңісімен құттықтаймын! Олар бұл жеңіске әбден лайық. Әсіресе, жанкүйерлердің өз командаларын қолдағаны маған қатты ұнады», - деген еді "АПОЭЛ" футболшысы.

Естеріңізге саламыз, бұл матчта 1:0 есебімен «Астана» клубы жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды Бауыржан Жолшиев салды. Командалар арасындағы қарымта кездесу тамыздың 26-сынан 27-сіне қараған түні Кипр астанасы Никосия қаласында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/862155-apoel-futbolshysy-astana-arenanynh-q.html