RU

Осы жылда қай елдердің валютасы девальвацияға ұшырады?

Ұлттық банк 20 тамызда теңгенің жаңа бағамын бекітті. Ол долларына 255,26 теңгені құрады. Алайда Қазақстан өз валютасын әлсіретуге тура келген жалғыз мемлекет емес деп хабарлайды NUR.KZ.

Доллар құны 182,35 теңге болған жыл басымен салыстыратын болсақ, отандық валюта 39,9%-ға арзандады.

Қаржыгер Айдархан Құсайыновтың мәліметтеріне сүйенсек, ағымдағы жылда өз валютасын кемінде 10%-ға девальвацияға ұшыратқан елдер арасында дамыған мемлекеттер де бар.

– Норвегиялық крона жыл ішінде 32,9%-ға түскен;

– Канадалық доллар – 19,9%;

– Австралиялық доллар – 26,2%;

– Еуро - 20,0%;

– Белоруссиялық рубль – 54%;

– Әзірбайжандық манат – 40%;

– Грузиндік лари – 35,3%;

– Қытайлық юань - 4,2%;

– Оңтүстіккореялық вона - 16,2%;

– Жапондық иена – 21,0%;

– Сингапурлық доллар – 12%;

– Түркиялық лира – 32%;

– Малайзиялық ринггит – 32,3%;

Әлемнің жетекші валюталарының долларға шаққандағы құны жалпы алғанда 15%-ға түскен.

ВТБ 24 инвестициялық департаментінің бас сарапшысы Станислав Клещев теңгенің құлдырауы белоруссиялық рубль және украиналық гривнамен бірдей деңгейге жеткенін айтуда. Аталмыш валюталар жыл басынан бері девальвация мөлшері тұрғысынан топ жарған болатын деп жазады РБК.

Қазақстан ТМД елдері арасында девальвация жарысына соңғы болып қосылды.

«Қазақстан Халық банкі бәсекелестіктің басым бөлшегінен айырылғанына байланысты бұл қадамға барды. Ресей Қазақстанның саудадағы негізгі әріптесі болғандықтан, шикізат тауарларына бағаның түсуі аясында рубльдің әлсіреуі Қазақстанға да әсер етті. Жақында қытайлық юаньнің әлсіреуі қосышма фактор болуы мүмкін», - деп жазды өз шолуында Sberbank CIB сарапшысы Том Левинсон.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/862196-osy-zhylda-qay-elderdinh-valyutasy-deval.html