RU

Әнші Лидо үшінші баласын дүниеге әкелді

Қазақстандық әнші әрі fashion-блогер Лидо (Лидия Досалина) үшінші рет ана атанды. Жаңа туған нәрестеге Рамис есімі берілді.

Бұл туралы әртіс өз Instagram парақшасында кішкентайдың фотосын жүктеп, жариялады. Ол туылған нәрестенің салмағы - 3600, бойы – 52 см екенін жазған.

Әншінің жанкүйерлері бұл жаңалыққа қуанышты екендерін білдіріп, Лидоны "3D ана" деп атап жатыр.

Лидо күйеуі Русланмен Риана есімді қыз және Рахман есміді ұл тәрбиелеп отыр. Жастары кішкентай болғанына қарамастан, балалар өз анасының клиптеріне түсіп үлгерген.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/862501-tanymal-qazaqstandyq-anshi-lido-ushinsh.html