RU

Мұрат Әбенов халықты үнемдеуді үйренуге шақырды

Парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты, бүгінде «Серпін» мемлекеттік бағдарламасына жетекшілік етіп жүрген қоғам белсендісі Мұрат Әбенов теңге бағамының еркін ауытқуына байланысты ой-пікірін білдірді.

Мұрат Абдуламитұлының айтуынша, дәл қазір экономикалық дағдарыстан қиындықсыз шығу үшін ең алдымен үнемдеуді үйренуіміз керек.

«Кешегі үкіметтің қабылдаған шешімі елімізге оңай тимесі анық. Бірақ әрбір қиындықтың артында бір қайыры болатынын ұмытпайық. Бастысы қазір төзімділік пен сабыр керек. Ең бастысы, біз үнемдеуді үйренуіміз қажет» дейді Әбенов.

Шенеуніктер дағдарыс кезінде қалай үнемдейді?

Оның айтуынша, Қазақстан нарығы шикізатқа тәуелді болғандықтан осындай қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр.

«Бұрын мұнайдың баррелі 9 доллар болған кезде де өмір сүрдік. Компанияларымыз жақсы жұмыс істеді ол кезде. Ал, баррелі 100 долларға жеткен кезде үнемдеуді ұмытып, ақшаны оңды-солды шаша бастады. Қазір сол үшін мұндайды доғару керек, қателікке жол беруге болмайды. Бірақ, бұл қиындықтардың уақытша екенін ұмытпайық» деп атап өтті Мұрат Әбенов өз сөзінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/862675-murat-abenov-khalyqty-unemdeudi-uyren.html