RU

Айдын Айымбетов ғарыш кемесіне алғаш кіріп, жаттығу жасады

Байқоңырда ғарышкер Айдын Айымбетов алғашқы жаттығуларын өткізді.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Тура 10 күннен кейін орбитаға көтерілетін «Союз» кемесіне кірген ол, экипаж мүшелерімен бірге скафандрларын киіп, айтулы күнге әзірленіп жатыр.

Ашық орбитаға ұшатын Айымбетов ресейлік және еуропалық әріптестерімен бірге ғарыш кемесінің мүмкіншіліктерімен танысып, атқарылатын жұмыстарды талқылап алды.

Ал «Союздың» Байқоңырдан қыркүйектің 2-сі күні көкке көтерілетінін айта кетейік.

Ондағы негізгі экипаж мүшелерінің бірі, 43 жастағы отандасымыз Айдын Айымбетов қазақ арасынан 21 жылдан кейін Орбитаға көтерілейін деп тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/863384-aydyn-ayymbetov-gharysh-kemesine-alghash.html