RU

Іздеу жарияланған әнші Қайрат Түнтеков Шымкенттегі үйінен табылды

Іздеу жарияланған белгілі әнші Қайрат Түнтеков Шымкент қаласында ата-анасымен тұрып жатыр және  кештерде өнер көрсетіп жүр.

Осыдан 3 жыл бұрын Алматыда жол апатына себепкер болған  әнші зардап шеккен тарапқа төлеуі тиіс өтемақыны әлі бермей жүр екен. Осы орайда оған іздеу жарияланған.

Алайда Қайраттың директоры Олжас Айманов зардап шеккен Назира Есаманованың бұл шағымымен келіспейді. Айтуынша, әншінің ешқандай да жауапкершіліктен бас тартатын ойы жоқ және қазір шығармашылығымен  айналысу үстінде.

"Біз де  арыз  жазып жатырмыз. Қайрат қашып та, жасырынып та жүрген жоқ. Шындығында ол адамдар бізді іздемеген. Менің де, Қайраттың да номері оларда бар. Ол тараптың сот орындаушысы да, адвокаты да бізге хабарласқан жоқ. Тек іздеуге беріп қойыпты. Бұл адамдарға тек пиар қажет. Қайраттың атағына әбден кір келтірді. Ол 40  күн түрмеде де отырып шықты", - дейді әншінің директоры Олжас Айманов.

Жол апатына кінәлі Қайрат Түнтеков жасырынып жүр

Әнші директорымен бірге келесі аптада біз полиция бөліміне барып, арыз жазбақшы.

" Сонымен қатар 4 млн теңге көлемінде материалдық шығын өтеуі керек деп мәлімдеп отыр. Бірақ,  осы соманың жартысын қайтарып қойғанымызды айтпаған. Қайратқа шет елге шығуға тыйым салынған. Біз бермейміз деп отырған жоқпыз, жасырынбаймыз да. Қазір әндер жазып, еңбек етудеміз.  Тапқан табысымызды жинап, төлеп жатырмыз. Енді тек жартысы қалды. Осы жылдың соңына дейін толығымен өтеп, арнайы баспасөз мәслихатын өткіземіз. Қазір Қайраттың жағдайы жақсы, Шымкетте" , — дейді әншінің директоры.

Ал зардап шеккен жақтың адвокаты Зүбайда Асқарова сұхбатында басқаша хабарлаған.

«Түнтеков жасырынып жүр. Оны үш жылдан бері таба алмай жатыр. Ол  бір тиын да төлеген жоқ. Бұл жағдай 2012 жылы орын алған. Содан кейінгі 3 жылдан бері Қайрат сот шешімін орындамай келеді.  Егер сот шешімін 3 ай ішінде орындамаған жағдайда, арнайы жауапкершілікке тартылады. Қазір ол 25 мың доллар қарыз. Оған ресми түрде іздеу жарияланды. Ата-анасы оны көрмегенін және қайда жүргенін білмейтіндерін жеткізіп отыр. Сондай-ақ, соңғы рет үш жыл бұрын көргендерін айтады. Бұның бәрі балаларын қорғау мақсатында жасалған. Енді ары қарай сот шешімін өзі шығарады«, — дейді Асқарова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/863397-izdeu-zhariyalanghan-anshi-qayrat-tuntek.html