RU

Әлемнің бай-бағландары биржадағы құлдыраудан қыруар қаржысын жоғалтты

Осы аптада әлемнің ең бай 400 адамы әлемдік нарықтағы құлдырау салдарынан 182 млрд долларынан айырылды, деп хабарлайды Bloomberg.

«Bloomberg Billionaires Index»-тің мәліметінше, жалпы алғанда млрд-дің қоры 6,3 пайызға қысқарған.

Жұма, 21 тамыз күні ғана тізім өкілдерінің дәулеті 76 млрд долларға түскен, деп жазады РБК. Бұл төрт жылдың ішінде АҚШ-тың негізгі биржалық индекстері - «Standard & Poor's» 500 «Index» пен «Dow Jones»-тің ірі әлсіреуі жағдайында болды.

«182 млрд доллар үлкен сома болғанымен, ол (миллиардерлер) үшін болмашы ақша», - дейді «Aspiriant» консалтингтік фирмасының директоры Джон Коллинс.

«Осындай кезде барлығы шынымен де сұмдық көрінеді, бірақ артқа қадам жасалса, болашақта картина осыншама қорқынышты емес», - деді талдаушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/863575-alemninh-bay-baghlandary-birzhadaghy-qul.html