RU

Көшербаев таңғы жұмысын сауда орталықтарын аралаудан бастады

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев сенбі күнгі жұмысын қаладағы ірі сауда орталықтарын аралаудан бастады.

Облыс орталығындағы «Сырдария» сауда орталығы жұмысын таңғы сағат 8-30 бастайды. Осы мезетте мұндағы тауарлардың бағасын бақылау үшін өңір басшысы атбасын бұрды деп хабарлайды өңір басшысының Баспасөз хатшысы NUR.KZ порталына.

Алдымен дүкенді толық аралап шықты. Екінші қабатта «ТехноДом» сауда үйінде соңғы үлгідегі тұрмысқа қажетті барлық техника бар екен. Бағалар тауардың сапалығына қарай әртүрлі. Дүкен меңгерушісі Мадияр Тоқмағамбетов түрлі акциялар ұйымдастырылып жатқандығын айтты. Әрине, тұтынушы тарту үшін түрлі қадамдар жасалып жатыр. Жалпы, бағада өсім жоқ.

Көпшілік үшін демалыс күн болғаннан соң ба, «Айтбек», «Small» сауда орындарына халық таңмен таласа келіп жатты. Бастысы өтпелі кезеңге қарамастан бағаның өспеген. Бұны «Small» сауда орталығының меңгерушісі Ұлболсын Жақыпова да айтып отыр. Ол экономикалық жағдайдың бағаға әсері болмағанын айтты. Себебі, мұндағы өнімдердің басым бөлігі отандық екен.

"Азық-түліктің әлеуметтік маңызды деген 33 түрінің бағасын бақылауда ұстау үшін штаб құрылып, жедел іске кірісті. Қазір аталған тауар түрлеріне шектеулі баға белгіленген. Сол межеден асырмауымыз қажет. Бұл бағытта кәсіпкерлеріміз де әлеуметтік жауапкершілік танытып отыр. Облыста жалпы жағдай тұрақты", - облыс әкімі Көшербаев.

Экономикалық жағдайға байланысты құрылған штаб мүшелері дәл осындай бақылау жұмыстарын күні екі рет жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/863769-kosherbaev-tanhghy-zhumysyn-sauda-ortaly.html