RU

Алматыда Көк базардағы сауда кешенінің құрылысына $12 млн жұмсалады

Алматыда Көк базардағы сауда кешенінің құрылысына 12 млн доллар жұмсалады, деп хабарлады базардың атқарушы директоры Ерлан Қалиев.

"Қазір базардың төменгі жағында Мақатаев-Зенков көшелерінде жерасты тұрағы бар сауда кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Аумағы - 21 шаршы метр. Құрылыс компанияның өз қаражатына салынады. Бұл шамамен 12 млн доллар", - деді Ерлан Қалиев Алматы әкімі Бауыржан Байбекке есеп беру кезінде.

Оның сөзіне қарағанда, кешен 1 000 сауда орнына есептеліп, 400 орындық тұрақ қарастырылған. Оның айтуынша, сауда орындарын жалға алу бағасы өзгермейді.

«Мұнда үш блоктың бірі орнатылды, кешен толық жабдықталады. Бейнебақылау камераларын, желдеткіш орнату көзделген, өрт қауіпсіздігі сақталады», - деді Ерлан Қалиев.

Сауда кешені келесі жылдың маусым айында қолданысқа беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/863873-almatyda-kok-bazardaghy-sauda-keshenin.html